Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы 2022 жылдың 19 қаңтарда жарияланды.
Құжатқа сәйкес, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің жаңа операторы болып жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен «Жасыл Даму» АҚ айқындалды. Тиісінше, Қазақстанда өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі жанындағы «Жасыл Даму» АҚ жүзеге асыратын болады.
Қаулыға сәйкес «ӨКМ Операторы» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың жүз пайыздық үлесі жеке меншіктен мемлекеттік меншікке қабылданғаны анықталды.
«Жасыл Даму» АҚ үшін бірінші кезекте ӨКМ мемлекеттік операторының қызметін жоспарлы режимде жедел жаңарту үшін ұйымдастыру және заңдылық шараларын қабылдау бойынша жұмыстары жүргізеді.
Бұл ретте кәдеге жарату төлемінің ағымдағы мөлшерлемелерін уәкілетті орган қайта қараған сәтке дейін қолданыста болады. Оларды әзірлеу және талқылау жақын арада жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде кәдеге жаратуды жинаумен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы кәдеге жарату, ауыл шаруашылығы машинасын жасау мен автокөлік өнеркәсібін қолдау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді ешкім алып тастамағанын атап өтті.
«Жасыл Даму» АҚ баспасөз қызметі