24-қаңтардан бастап «Жасыл даму» утилизациялық төлемдерді жаңа деректемелерде қабылдайды
Назад в новости

24-қаңтардан бастап «Жасыл даму» утилизациялық төлемдерді жаңа деректемелерде қабылдайды

2022 жылдың 24-қаңтардан бастап өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық төлем қабылдау процесін «Жасыл даму» АҚ жаңа деректемелерде жүргізеді. Мемлекеттік мекеме кәдеге жарату аламын қабылдауға қатысты екінші деңгелі банктерден шот ашып, деректемелерін жаңартты. Кәдеге жарату төлемінің ставкасын уәкілетті орган қайта қараған сәтке дейін ағымдағы мөлшерлеме қолданыста болады. Сонымен қатар мемлекеттік оператор ескі көліктерді қабылдау жұмысын қайта жаңғыртады. Ауылшаруашлық техникасын тапсырып жеңілдікпен көлік сатып алуға берілген сертификаттарды пайдаға асырылатын болады.

Утилизациялық төлем жүргізілетін банктік шоттар мен деректемелер 

№ п/п

Шот нөмірі 

Мақсаты 

1

KZ02601A871001725251

Қаржыландыруға шарт жасалған көлік құралдарын өндірушілер

2

KZ07601A871001726131

Қаржыландыру шарты жоқ көлік құралдарын өндірушілер

3

KZ20601A871001726091

Көлік құралдарының импорты

4

KZ28601A871001726141

Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер

5

KZ41601A871001726101

Ауыл шаруашылығы техникасының импорты

6

KZ62601A871001726111

Автоқұрамдауыштар мен қаптамаларды өндірушілер

7

KZ70601A871001726161

Автоқұрамдауыштар мен қаптамаларды импорттау

8

KZ83601A871001726121

Кабель-өткізгіш өнімдерін өндірушілер

9

KZ49601A871001726151

Кабель-өткізгіш өнімдерінің импорты


Естеріңізге салайық, ҚР Үкіметінің 2022 жылдың 19 қаңтардағы Қаулысына сәйкес «өндірушелердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің» жаңа операторы болып «Жасыл Даму» АҚ айқындалған болатын. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі еншісіне өткен кәсіпорын, өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыратын болады.