Кез келген қазақстандық автокөлікті бастапқы жарнасыз сатып ала алады
Жаңалықтарға оралу

Кез келген қазақстандық автокөлікті бастапқы жарнасыз сатып ала алады

Кәдеге жарату алымынан жиналған ақшаны отандық автопаркті жаңарту үшін жеңілдікпен несие беруге жұмсалады. Қазақстандықтар автокөлікті 4% жылдық мөлшерлемемен 7 жылға несиеге ала алады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кәдеге жарату алымы үшін төлемдер түсетін «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан қазақстандықтарға жеңіл көлікке жеңілдетілген кредиттер беруді, сондай-ақ өңірлердегі автобустар паркін жаңартуды жоспарлап отыр. Бағдарламаның жоспарланған шарттары да айтылды: бастапқы жарна 0, мерзімі-7 жылға дейін.

Orda.kz редакцияның сұрауына жауап ретінде ИИДМ-ге Қазақстанда өндірілген кез келген автомобильді жылдық 4% - бен сатып алуға болатынын хабарлады. Автокөлікті жеңілдікпен несиелеуге 100 млрд теңге жұмсау жоспарлануда.

Толық ақпарат төмендегі сілтемеде: 

https://orda.kz/ljuboj-kazahstanec-smozhet-kupit-avto-bez-pervonachalnogo-vznosa/