"Жасыл Даму" АҚ кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемелерінің қолданысына қатысты ҚР ЭГТРМ-мен кеңес өткізілгенін хабарлайды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі №138 бұйрығына сәйкес кәдеге жарату төлемінің ставкалары 50% - ға төмендетілді. Осы бұйрық 2022 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.
2022 жылғы 14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлеме бойынша кәдеге жарату алымын төлеген жағдайда, "Жасыл даму" АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес артық төленген соманы қайта есептеу және қайтаруды жүзеге асыратын болады.
Осы орайда арандатушылық бағыттағы қауесеттерге емес, ресми ақпарат көздеріндегі хабарламаға құлақ асқандарыңызды сұраймыз.