2024 жылғы 5 желтоқсанда «Жасыл даму» АҚ-да 1990-2022 жж. Монреаль хаттамасымен реттелмейтін парниктік газдардың көздері мен сіңіргіштер абсорбцияларынан болған антропогендік шығарындылардың кадастры туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық баяндамасы форматында ұлттық климаттық есептіліктің негізгі мәселелері мен ережелеріне арналған семинар өткізілді.
Қазір климаттың өзгеруі мәселесі жаһандық дағдарыстың тетігіне ие болуда. Осы жағадайды оңтайлы шешу мақсатында 2030 жылға дейінгі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы баяндамасы ажырамас бөлігіне айналды. Оның негізгі бағыты кедейлік пен теңсіздікті жоюға, қоршаған ортаны қорғауға және әлем халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.
Баяндаманың қорытындысы бойынша 2023 жылы Қазақстан 100 елдің ішінен 71,6 балл жинап, 166 ел арасында 66-шы орынға ие болды. Бұл өткен жылмен (2022 жыл – 71,1 балл) салыстырғанда жақсарғанын көрсетеді.
Бұдан басқа, «Жасыл даму» АҚ әзірлеген Транспаренттілік бойынша екі жылдық есебі үздік шықты. Бұл парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңіргіштердің сіңірілуі туралы BTR1 негізгі бөлігінің Ұлттық баяндамасы болып табылады.
Аталған семинардың ашылуына Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі - Ошурбаев Мансұр, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Климаттық саясат жөніндегі сарапшысы - Сергазина Гульмира, «Жасыл даму» АҚ басшылары қатысты. Семинар модераторы - «Жасыл даму» АҚ Парниктік газдарды түгендеу департаментінің директоры – Айман Есекина.
Осы семинар «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) шеңберінде бірінші екі жылдық баяндама және біріккен тоғызыншы ұлттық хабарлама және Қазақстан Республикасының транспаренттілік мәселелері жөніндегі екінші екі жылдық баяндама» жобасы шеңберінде Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Жасыл даму» АҚ әзірлеген БҰҰ КӨНК-ның хатшылығына Қазақстан Республикасының транспаренттілік мәселелері жөніндегі алғашқы екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report – BTR1) ұсыну қорытындысы бойынша ұйымдастырылды.
BTR1 парниктік газдарды ұлттық түгендеу және ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті орындалу барысы туралы міндетті ақпаратты қамтиды. Парниктік газдарды ұлттық түгендеу бойынша ақпаратты дайындауды ҚР көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы болып табылатын «Жасыл даму» АҚ жүзеге асырады.
Семинарда мұнай-газ саласы мен көлік кіретін энергетикалық сектор; өнеркәсіптік процестер және өнімдерді пайдалану; ауыл шаруашылығы; орман шаруашылығы және басқа да жер пайдалану түрлері мен қалдықтар секторы бойынша экономика секторларындағы парниктік газдар шығарындыларының есептеулері талқыланды.