8-9 маусымда Севильяда (Испания) PMI Global Knowledge Forum 2025 өтті – бұл Дүниежүзілік банктің Серіктестік нарығын енгізу (PMI) жобасы аясында ұйымдастырған негізгі халықаралық іс-шара.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік банктің нысаналы қоры ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен "Жасыл даму" АҚ-н қолдау мақсатында Қазақстанға 2028 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімге 4,8 млн АҚШ доллары сомасына грант бөлген болатын. Жоба Қазақстандағы шығарындыларға квоталар саудасы жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Енді білім беру форумы PMI-ге қатысушы 33 елдің, донор мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың өкілдерін және климаттық саясат пен көміртекті реттеу саласындағы сарапшыларды жинады. Іс-шара ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және парниктік газдар шығарындыларын азайтудың нарықтық тетіктерін ілгерілетуге бағытталған.
Бірінші күн елдердің көміртекті баға жүйелерін әзірлеу және енгізу тәжірибесіне бағытталған. Қатысушылар өздерінің ұлттық стратегиялары шеңберіндегі өзекті сұрақтарды, қиындықтары мен айтарлықтай табыстарымен бөлісті.
PMI бағдарламасының нәтижелері ретінде серіктестердің техникалық көмегі мен аналитикалық құралдарға және қолдау материалдарына қол жетімділігі артты. Бірінші күннің негізгі бөліктерінің бірі ретінде ұлттық көміртегіге қатысты механизмдерін енгізу сатысында тұрған елдердің қатысуымен өткен сессия болды. Малайзия, Оңтүстік Африка, Колумбия және Қытай өкілдері көміртекті баға жүйелерін жобалау мен іске қосудағы тәжірибелері туралы айтып, практикалық сабақтарды, институционалдық қиындықтарды және бейімделу жолдарын атап өтті.
Түстен кейін қатысушылар жаһандық трендтерге назар аударды. State and Trends of Carbon Pricing 2025 жыл сайынғы баяндамасының негізгі қорытындылары ұсынылды, содан кейін Бразилия, Германия, Мексика және Ұлыбритания сарапшыларының қатысуымен панельдік пікірталас өтті. Қатысушылар климатқа бағытталған экономикалық саясатты қалыптастырудағы соңғы саяси өзгерістер мен стратегиялық тәсілдерді талқылады.
Шекарадағы көміртегі шығарындыларын түзету механизмдері (CBAM) және дамушы елдердің ықтимал реакциясы бөлек талқыланды. Түркия, Украина және ЕҚДБ спикерлері ЕО-ның жаңа талаптары мен басқа юрисдикциялардың сауда ағындарына, реттеуге және есеп беруге әсерін қарастырды.
2-күн. Халықаралық көміртегі нарықтарына қатысу: стратегиялар, шешімдер және серіктестіктер
Екінші күн TCAF және Сi-Dev бастамаларымен бірге өтті және елдердің халықаралық көміртегі нарықтарына қатысуына арналды. UNFCCC, ICVCM, VCMI және IETA сарапшылары өсу перспективалары мен реттеу сын-қатерлерін көрсете отырып, әлемдік нарықтардың дамуына шолу жасады.
Бағдарламаның келесі бөлігі нарықтарға қатысу саласында шешім қабылдау тәсілдерін талқылау болды. Қатысушыларға «шешімдар бұтағы» құрылымы арқылы несиелеу, тіркеу, стандарттарды сақтау және монетизация мәселелері бойынша қарастыруға арналған жаңа цифрлық PMI құралдары ұсынылды. Азия мен Африкадан келген елдер, атап айтқанда Сенегал, Тайланд, Кения және Бангладеш — белгісіздік жағдайында стратегиялық шешімдер қабылдаудағы практикалық тәжірибелері туралы айтты.
Көміртекті несиелерді өндірудің инновациялық тәсілдеріне көп көңіл бөлінді. Тақырыптық сессия аясында Өзбекстан, Кот-д' Ивуар, Сингапур және басқа елдердің жобалары ұсынылды, олар ойластырылған саяси шеңберлер секторлық және бағдарламалық тетіктерді көтермелеуді қоса алғанда, несиелеудің жаңа үлгілерін іске қосуға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Талқылаудың жалғасында көміртегі бірліктерін монетизациялау стратегияларына арналған сессия өтті. Гана, Швеция, Швейцария және Бангладеш өкілдері халықаралық нарықтардағы сатушы елдердің де, сатып алушылардың да талаптары мен үміттерін қарастырды және негізгі институционалдық қиындықтарды белгіледі. Соңғы бөлім елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал еткен peer-to-peer сессиясы болды. Форум қатысушылардың қорытынды түсініктемелерімен және серіктестікті тереңдетуге байланыс орнатуға шақырды.
PMI Global Knowledge Forum 2025 тәжірибе алмасу, стратегияларды қалыптастыру және көміртегі бағасының халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін жетекші платформа ретіндегі рөлін растады. Форумның нәтижелері қатысушы елдердің тұрақты экономикалық өсу мен климаттық мақсаттарға одан әрі ілгерілеуіне ықпал ете бермек.