2023 жылдың 15 наурызда «Жасыл даму» АҚ мен «Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер Қауымдастығы» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Сәрсенбай мен «Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер Қауымдастығы» Төрағасы Батырбек Әубәкіров, қаптама қалдықтарын қайта өңдеу саласында бірлесе әрекет етуге уағдаласты. Тараптар тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару, қайта өңдеу саласындағы ақпараттармен алмасу, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, конференциялар мен семинар-кеңестер ұйымдастыруды көздеген.
Меморандумның негізгі мақсаты қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға бағытталған. Осы ретте тараптар ынтымақтастық аясында саланың проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.