Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинағандарға 3.9 млрд теңгеден астам қаржат төленді
Жаңалықтарға оралу

Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинағандарға 3.9 млрд теңгеден астам қаржат төленді

Қарашаның 29 мен 5 желтоқсан аралығында «EcoQolday» жүйесінде 3 538,3 тонна қайталама шикізатты тасымалдауға және кәдеге жаратуға жіберілді. Осы аптада қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және кәдеге жарату ұйымдарына 144 млн теңгедеген астам қаржат төленді. 7 күн ішінде 2 444,15 тонна қағаз және картон қаптама қалдықтар, 160,51 тонна полимер және 933,64 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді.

Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинаушыларға, тасымалдаушыларға және кәдеге жаратушыларға 3 960 239 853,24 теңге қаражат төленді. 

Бүгінгі күні ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 1289-ға жетті. Оның ішінде 238-қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, 37-кәдеге жаратушы зауыттар және 1014 көлік котмпаниялары тіркеліп отыр. 

Шикізатты кәдеге жаратушы кәсіпорындар қаптама қалдығын сатып алуға төмендегі бағаларды ұсынып отыр: 

Макулатура үшін 50-120 теңге Полимер үшін 150-250 теңге Шыны үшін 16-22 теңге