Баршаңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің Ата заңы қабылданған күнімен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке, жайлы өмір тілеймін. Рухтарыңыз асқақ, келешекке деген сенімдеріңіз айқын, жігерлеріңіз қайратты, әрбір бастамаларыңыз ел игілігі үшін жемісті болсын!
Басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз баянды болып, бірлігіміз нығая берсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Ізгі ниетпен, Ержан Сәрсенбай