Бүгін Қостанайда Премьер-Министр Асқар Маминнің қатысуымен істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдейтін ең алғашқы кешен салтанатты түрде іске қосылды.
Кешен құрылысы жергілікті атқарушы орган мен «Auto Recycling» компаниясы бірлесіп жүзеге асырды. Жобаның құны 5,1 млрд теңге. Кәсіпорынды пайдалануға беру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде тракторлар мен комбайндарды бөлшектеу цехы, әкімшілік корпус және металл тасымалдауға арналған дайындық бөлімі іске жұмысын бастады. Келесі жылдың бірінші жарты жылдығанда агротехника шиналарын қайта өңдейтін желі іске қосу жоспарда тұр.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 4 мың дана ескі ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 10 мың тоннадан астам металдан дайын өнім шығару көзделіп отыр. Бұл ретте кәсіпорын ресейдің «Камаз» өндірістік бірлестігімен жасалған әріптестік меморандумы аясында бірлесе жұмыс жүргізеді. Жоспарға сәйкес кәсіпорынның өндірістік қуаты жыл сайын арттыра бермек.
«Ауыл шаруашылығы техникасының басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қостанай облыстарына тиесілі. Өйткені аталған өңірдің 75 пайызы егіс алқабында жұмыс істейді. Осы ерекшеліктерді ескере отырып тозған техникаларды кәдеге жарату зауытын Қостанайда салу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігі кәдеге жарату кешенін салуға үлкен қолдау білдіріп, 7 гектар жер бөлді. Қажетті инфрақұрылым жүргізуге толық жағдай жасады. Бұл ауыл шаруашылығы паркін жаңартуға және қайта өңдеу өндірісін арттыруға мүмкіндік береді», - деді «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы М. Құмарғалиев
Кәсіпорын толық пайдалануға берілгенде 110 жаңа жұмыс орны ашылады. Жаңа кешен Қазақстандағы қайта өңдеу саласын дамыту бағытында негізгі сатыға өтеді. Тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын зауытқа еліміздің 17 аймағындағы қабылдау бекеттерінен жеткізілетін болады. Ескі агротехниканы одан әрі кәдеге жарату бағдарламасы 2020 жылдың қараша айында басталған болатын. Ескі ауыл шаруашылығы техникасын жоюға өткізгендерге жаңа машина сатып алуға жеңілдік беретін сертификаттар табысталды. Жеңілдік сертификатының құны тапсырылған агротехниканың жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі аралықты құрайды.
Тозығы жеткен ауыл шарушылық техникасын қабылдау бағдарламасы іске қосылған кезден бастап ӨКМ Операторы 2 305 бірлік трактор мен 858 комбайн қабылдады. Салалық министрліктер аталған бағдарлама аясында 2021 жылға 3 380 квота бөлді.
Ескі техниканы жеңілдік сертификатына алмастыратын бағдарламаның нәтижесінде Қазақстанда құрастырылған 1509 бірлік машина сатып алынды. Оның 17 трактор болса, 1492 жеңіл автокөлік.