БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 27 маусымда Шымкент қаласында тозған автокөлік шиналарын қайта өңдеуге арналған «ЭкоШина» ЖШС-нің жаңғыртылған зауытының ашылу салтанаты өтеді. Бұл өндіріс орнын іске қосу өңірдегі қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.
Зауыт ауқымды жаңғыртудан өтіп, енді тозған шиналарды өңдеудің кеңейтілген мүмкіндіктерімен өнеркәсіптік деңгейде жұмыс істейтін болады. Кәсіпорында резеңке ұнтағы, металл және құрылыс пен өнеркәсіпте қайта қолдануға жарамды басқа да компоненттер өндірілетін болады.
Жоба «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен және утилизациялық алым қаражаты есебінен іске асырылды.
Жаңғыртылған кәсіпорынның іске қосылуы Шымкент пен Түркістан облысындағы экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің жасыл экономикасының дамуына серпін береді деп күтілуде.
Ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Жасыл даму» АҚ-ның, жергілікті атқарушы органдардың және жобаның серіктестерінің өкілдері қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы, «ЭкоШина» ЖШС өндірістік алаңы
Мекенжайы: Капал батыр көшесі, Онтүстік индустриялық аймағы, 98-ғимарат (бұрынғы фосфор зауытының аумағы)
Басталуы: 2025 жылғы 27 маусым, сағат 10:00
БАҚ өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Аккредиттеу және қосымша ақпарат алу үшін: +7 (747) 812-83-95