Шымкентте «EcoQolday» бағдарламасы арқылы қалдықтарды қайта өңдеуді дамыту мәселесі талқыланды
Жаңалықтарға оралу

Шымкентте «EcoQolday» бағдарламасы арқылы қалдықтарды қайта өңдеуді дамыту мәселесі талқыланды

Шымкентте ««EcoQolday» бағдарламасының Қазақстандағы қайталама шикізатты қайта өңдеуге әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастығы мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі қатысушылары «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Атамекен» ҰКП және екінші реттік шикізатты қайта өңдеумен айналысатын компаниялардың өкілдері бас қосты.

Күн тәртібінде «EcoQolday» бағдарламасының тиімділігі және оның макулатура мен әйнекті жинау және қайта өңдеу жүйесін дамытуға әсері мәселелері қаралды. Қатысушылар бағдарламаның практикалық аспектілерін, жинаушылар мен қайта өңдеушілердің кездесетін мәселелері мен кедергілерін талқылады, сондай-ақ «EcoQolday» сандық экожүйесіне қалдықтармен айналысудың толық циклын интеграциялау бойынша ұсыныстар айтты.

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тұжырымдамасының материалдарын әзірлеу мен өзектендіруге, сондай-ақ Министрліктің қолданыстағы нормативтік актілеріне өзгерістер енгізу бастамаларына ерекше назар аударылды. Ұсыныстар сала қатысушылары үшін рәсімдерді оңайлату, жүйенің функцияларын кеңейту және қалдықтармен айналысудың барлық кезеңдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушылары «EcoQolday» бағдарламасы аясындағы қаржыландыру және субсидиялау механизмдерін жетілдіру жолдарын талқылады. Қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдаудың жүйелі тәсілі тек қайта өңдеу көлемін арттыруға ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономиканы қалыптастыруға да ықпал ететіні атап өтілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, олар Министрлікте қарауға жіберілетін болады және саланы жаңарту бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілмек.

«Жасыл даму» АҚ қалдықтарды жинаушылар мен өңдеушілерді біріктіретін «EcoQolday» бағдарламасына белсенді қолдау көрсетуді жалғастыруда.