Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында "Жасыл даму" акционерлік қоғамының ұжымы бір күндік айлық мөлшерінде ақшалай қаражат жинады.
Жиналған қаражат су тасқыны салдарын жою және зардап шекккен тұрғындарға көмек көрсету үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жіберілді. Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің бірқатар өңірлерінде зардап шеккендерге арналған үй салуды қөздеп отыр.
"Жасыл даму" АҚ табиғи апаттың салдары жуық арада енсерілетініне шынайы сенімін білдіреді.