Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге қатысты семинар өтті
Назад в новости

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге қатысты семинар өтті

2023 жылғы 19 мамырда «Жасыл даму» АҚ басшылығы мен қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің маманы мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және этикалық нормаларды күшейту» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Ж.Ж. Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың жаңа пакеттерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесімен таныстырды. Инновациялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жақсартуға, оның ішінде озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу арқылы бағытталып отыр.

Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін жетілдіруге және оны үйлестіруге қатысты соңғы түзетулер түсіндірілді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.А.Әшімов Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің арасында әдеп нормаларын күшейту мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Сондай-ақ, іс-шара барысында «Жасыл даму» АҚ қызметкерлері қойған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.