«Таза Қазақстан» экофестивалі: «Аманат» партиясы экологиялық бастамалармен танысты
Жаңалықтарға оралу

«Таза Қазақстан» экофестивалі: «Аманат» партиясы экологиялық бастамалармен танысты

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында ұйымдастырушылардың бірі – «Жасыл даму» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Астана қаласы мәслихатының депутаты Динара Байсеркина, экологиялық бастамалар белсендісі Елдос Абақанов және «Amanat» партиясы қалалық филиалының өкілдері көрмені аралады.

Көрме барысында қалдықтарды қайта өңдеу, өндірістік кәсіпорындардың экологиялық жобалары және табиғатты қорғауға бағытталған стартаптар таныстырылды.

Аталған іс-шара елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.