«Таза Қазақстан» экофестивалі: Экологиялық мәдениетке «Жасыл даму» АҚ-мен бірге
Жаңалықтарға оралу

«Таза Қазақстан» экофестивалі: Экологиялық мәдениетке «Жасыл даму» АҚ-мен бірге

2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті, оның аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.

Экофестивальді ұйымдастырушылардың бірі «Жасыл даму» АҚ-ы. Оның бастамасы бойынша қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Қалдықтардың екінші өмірі» атты 10 көрме аймағы құрылды.

Мысалы, Kazstonebox жобасы экологиялық және суға төзімді материал – тас қағаздан жиһаз бен қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлер шығарады. Бұл өнімдер төзімді, ылғалдан қорықпайды, бастысы ағаш пен пластикке экологиялық таза балама бола отырып, толығымен қайта өңделеді.

Technic Destroy литий-ионды батареяларды қайта өңдейді және ондағы бағалы металдарды (литий, кобальт, мыс) өндіріске қайтарады. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, шикізат импортына тәуелділікті азайтады.

Экофестиваль аясында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының қорытындысы шығарылды.

Мемлекет басшысы қоқысты сұрыптау, су мен электр қуатын үнемдеу маңызды екенін, қоғамдық орындарда қоқысқа тастауға болмайтынын атап өтті. Бұл біздің қоғамдағы мінез-құлық нормасына айналуы керек. Экологиялық білімге ерекше назар аудару керек. Бұл «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанының негізгі бағыттарының бірі.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, экологиялық бастамаға қатысушылардың саны 6 миллион адамнан асқанын, бұл әрбір үшінші қазақстандық екенін атап өтті. Қатысушылар бірлесіп жалпы 1,1 млн. тонна қоқыс жинады.

Өңірлерде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сынды акциялар дәстүрге айналды, олардың аясында 1,8 млн. га аумақ тазартылып, 1,6 млн. жуық жасыл желек отырғызылды, сонымен қатар 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері қалпына келтірілді, өзендердің, көлдердің және басқа да су айдындарының айналасының 5,8 млн. шаршы метрден астам аумағы тазартылды.

««Жасыл даму» АҚ үшін бұл маңызды оқиғаға қатысу ғана емес, экологиялық саналы болашаққа жалпы қозғалысқа қосқан үлесі. Мұнда біз мемлекет, бизнес және қоғамның бір мақсат - табиғатты қорғау үшін бірігіп жатқанын көреміз. Бұл экофестивальден әлдеқайда маңыздырақ — бұл өзгерістердің туындап, жаңа ұрпақтың экологиялық санасының қалыптасатын алаңы», - деп атап өтті «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай.

Сонымен қатар, биыл министрлік өңірлерге 300 мыңнан астам көшет берді, сондай-ақ Астана мен Жезқазғанның 130 мектебін қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлермен жарақтандыру жобасы іске қосылды.

Айта кету керек, фестивальдің барлық қатысушылары «Тілектер ағашында» экология саласына қатысты ұсыныстарын қалдырды.

Экофестиваль эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концертпен аяқталды. Таза Қазақстан бастамасы бұл тек бір реттік акция емес, өмір салтына айналғандай.