Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Жомарт Әлиев Алға қаласында Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті. Бұл кездесуге "Жасыл даму" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов қатысты.
Отырыс барысында өңірдің экологиялық мәселелері талқыланды. Алға қаласының өткір проблемаларының бірі, Киров атындағы бұрынғы химия зауытының аумағындағы 730 мың тоннадан астам қауіпті қалдықтарды жою болып табылады. Өз кезегінде Нұржан Қабдолданов қауіпті қалдықтарды басқару шеңберінде Қоғамның атқарған жұмысы туралы, атап айтқанда бұл қалдықтар сот шешімімен иесіз деп танылып, "Жасыл даму"АҚ республикалық меншікке берілгені туралы айтты. Қауіпті қалдықтарды басқару барысында оларды жою бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді, ол бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2019 жылы белгілі себептер бойынша ЖСҚ Ақтөбе облысы әкімдігінің қарауына коммуналдық меншікке берілді. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі жобаны одан әрі іске асыру үшін ЖСҚ түзету бойынша жұмыстарын жүргізуде. Бұл жобаны іске асырып соңына дейін жеткізу оң нәтиже беріп өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына әкеледі деп сенеміз.