«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 31-тарауына сәйкес кәдеге жарату төлемін қабылдау барысында, кәдеге жарату төлемін енгізу және кәдеге жарату төлемінің сертификатын алу туралы өтінімді қарастырады.
Сонымен бірге көлік құралдарын өндірушілер (импорттаушылар) кәдеге жарату төлемін кейіннен төлеу туралы өтінішке қосып құжаттардың көшірмесін береді, оның ішінде:
- көлік құралының төлқұжаты;
- көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігі немесе көлік құралының түрін мақұлдау куәлігі.
Сондай-ақ, қазір көлік құралының төлқұжаты негізінде көлік құралының түрін бағалау туралы қорытынды беру жағдайлары орын алып отыр.
Индустрия және индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Индустриялық даму комитетінің түсініктемесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы шеңберінде сәйкестікті бағалаудан өткен, көлік құралының түрін бағалау туралы қорытындысы бар көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберуге жол берілмейді.
Осының негізінде, кәдеге жарату төлемін жүзеге асыруға және кәдеге жарату төлемінің сертификатын алуға өтініш берген кезде импорттаушылар осы құжатты қосып, көлік құралының түрін мақұлдау немесе көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігі негізінде берілген құжатты ұсынуға міндетті. Олай болмаған кезде, көлік құралының түрін бағалау туралы қорытындысы бар сәйкестікті растаудан өткен көлік құралдарына өтінімдер қабылданбайды.