Экология министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Жаңалықтарға оралу

Экология министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Республика күні қарсаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде салтанатты іс-шара өтті. Оған министрлік қызметкерлері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өкілдері және еліміздің барлық өңірінен келген сала ардагерлері қатысты.

Іс-шара аясында ұлттық мереке мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстау рәсімі өтті.

Қызметкерлерге «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медальдары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хаттары, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет ардагері», «Еңбек ардагері» және «Экология саласының үздігі» ведомстволық наградалары табысталды.

Марапатталғандар қатарында «Құрмет» орденімен наградталған «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай да бар.

Бұл марапаттар мамандардың қоршаған ортаны қорғауға және Қазақстанның табиғи байлығын сақтауға қосқан елеулі үлесінің мойындалғанын білдіреді.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.