Елодада «EcoQolday» ойын алаңы ашылды
Назад в новости

Елодада «EcoQolday» ойын алаңы ашылды

ӨКМ Операторы серіктестерімен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласындағы «Абу-Даби Плаза» ойын сауда орталығындағы KIDBURG мамандықтар қалашығында балаларға арналған «EcoQolday» ойын алаңын ашты. Онда тұрмыстық қалдықтың қайда кететіндігі, одан не жасуға болатындығы, қалдық сұрыптау зауытының қызметі, экологиялық білім беру, эко-мәдениетті қалыптастыру бағытында жас өрендерге ойын түрінде түсінік беріледі.

Мамандықтар қалашығына келген балалар  қалдықты бөлек жинау бойынша қызықты квесттерден бөлек,  қоршаған ортаға ұқыпты қарау бойынша видео роликтер көрестіледі. Сондай-ақ, кішкентай келушілер өздерін қоқыс сұрыптау зауытының қызметкері ретінде сынап көре алады және ойын қалашығының аумағында қайталама шикізатты іздеуге қатысады.  

Ойын алаңының ашулына келген балаларға қалдық туралы жалпы түсінік беріледі.  Сұрыптауды қажет ететін қалдықтардың түрлері туралы танысады. Эко-еріктілермен бірге қайталама шикізатты қайта өңдеу процесіне қатысып, олардан толыққанды ойыншықтар алды. Балаларға қалдықтарды бөлек жинаудың, эко-саналы өмір салтының және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың пайдасы туралы бірқатар анимациялық роликтер көрсетілді.