Global Methane Hub басшысымен кездесу
Жаңалықтарға оралу

Global Methane Hub басшысымен кездесу

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Анталья қаласында Қазақстан павильонында Global Methane Hub ұйымының басшысы Марсело Меномен кездесу өткізді.

Тараптар өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру және Ұлттық метан кеңсесін құру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ метан шығарындыларын қысқарту жөніндегі Ұлттық бағдарламаны іске асыру және ынтымақтастықты қалдықтар, көмір метаны және ауыл шаруашылығы секторларында кеңейту мәселелеріне назар аударылды.

ОНУВ 3.0-де Қазақстан 2035 жылға қарай шығарындыларды өз күшімен 1990 жылғы деңгейден 17 пайызға және халықаралық қолдаумен 25 пайызға дейін қысқартуға міндеттеме алды.