Қазақстанның барлық өңірлерінде "World CleanUp day" акциясы өткізілді
Жыл сайын бүкіл әлем бойынша миллиондаған азамат үлкен сенбілік өткізу үшін жиналады.
Бұл іс-шара азаматтық белсенділіктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын үлгісі.
Бұл күні сенбілікке 56 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде: 10 мыңнан астам еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен қала тұрғындары, 46 мыңнан астам мемлекеттік орган өкілдері, 8 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.
Акция барысында 20 мың тоннадан астам калдық жиналды. 10 мың га астам жер тазартылды. Оның ішінде: 915 т шыны, 1950 т пластик, 300 т шиналар, 860 т қағаз бен картон және 550 т металл қалдықтары жиналды.
Бұл сенбілік экологиялық жауапкершілік ғана емес, ұлт бірлігінің күшті символына айналды. Қатысушылар өз еліне деген мақтаныш сезімін және оны таза әрі әдемі етуге деген ұмтылысын білдірді.