2023 жылдың 19 қаңтарда «Жасыл даму» АҚ мен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Сәрсенбай мен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» Басқарма Төрағасы Самат Сағындықов бірқатар бағытта бірлесе әрекет етуге уағдаласты.Оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, білім бөлісу туралы шешім қабылданды. Іскерлік байланыс орнатуға негізделген құжат шеңберінде тараптар жүктелген міндеттерді орындау барысында жұмыс кездесулерін өткізуді, бірлескен бағдарламалар әзірлеуді, жұмыс топтарын құруды көздейді.
Меморандумның негізгі мақсаты халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне, Қазақстан Республикасының экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыруға ықпал ететін Инвестициялар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру болып есептеледі.