«Zero Waste» ЖШС Астанада қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуда
Жаңалықтарға оралу

«Zero Waste» ЖШС Астанада қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуда

Астанада қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта жұмыс істеп жатқан компаниялардың бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын, сондай-ақ «Таза үй – Таза ел» экологиялық жобасы аясында қайталама шикізатты бөлек жинау жүйесін дамытып келе жатқан «Zero Waste» ЖШС.

Компания қалдықтарды басқару саласында 2024 жылғы ақпаннан бері жұмыс істейді. Бүгінде кәсіпорынның автопаркінде 43 бірлік арнайы техника бар. «Zero Waste» ЖШС елорданың Алматы, Сарайшық және Сарыарқа аудандарын қоса алғанда, қала аумағының шамамен 50%-ына қызмет көрсетеді. Кәсіпорын тәулігіне орта есеппен 600 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықты шығарады.

Компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі – қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту. Қазіргі уақытта Астанадағы тұрғын үй кешендерінде пластик қалдықтарын жинауға арналған 50 торлы контейнер орнатылған.

Сонымен қатар тұрғындар пластик пен картонды бөлек тапсыра алатын 10 арнайы алаң жабдықталды. Компания келіп түсетін өтінімдер мен қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, бұл инфрақұрылымды кезең-кезеңімен кеңейтуді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын қайталама шикізатты автоматты түрде қабылдау жүйесін де енгізуде. Астананың түрлі орындарында 5 фандомат орнатылған. Алдағы уақытта осындай тағы кемінде 10 аппарат орнату жоспарланып отыр.

Мұндай инфрақұрылымды дамыту тұрғындар үшін қалдықтарды бөлек жинауды қолжетімді етуге, қайта өңдеуге жіберілетін қайталама шикізат көлемін арттыруға және қалдықтарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру аясында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту және қайталама шикізатты қайта өңдеуге тарту үшін қажетті жағдайлар жасау жұмыстарын жалғастыруда.