«Жасыл даму» АҚ Атырауда экологиялық жобаны қолдады
Назад в новости

«Жасыл даму» АҚ Атырауда экологиялық жобаны қолдады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған халықтың экологиялық мәдениеттін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» атты тұжырымдама шеңберінде экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, цифрландыру және бейне-мониторинг, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, халықты ақпараттандыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау, экологиялық дүниетанымды тәрбиелеу, прогрессивті технологияларды қолдану сияқты маңызды бағыттар көзделген.

Осы тұжырымдама аясында «Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрліктің инвестициялық штабында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кентінде тамақ қалдықтарын қайта өңдеу кәсіпорнын құру бойынша инвестициялық жобасы мақұлданды. Бұл жобаның өтініш берушісі «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да құжаттарды қалыптастырудың 1-кезеңінен өтіп, ақшалай қаржыландырды.

«Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС заманауи технологиялық әдістерді пайдалана отырып, жоғары білікті және тәжірибесі бар сала мамандарын жұмысқа шақыруға ниетті. Іске асырылатын кәсіпорында қызметкерлердің саны 43-ке дейін күтілуде. Компания тамақ қалдықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық желінің өндірістік қуаты тәулігіне 30 тонна немесе жылына 8 280 тоннаға жетсе, үй жануарларына арналған тағам, ірі қара мал азығы және биошірінді шығаратын болады.

Жобаның мақсаты: өңірдің мұнай-газ кен орындарының вахталық қалашықтарынан тамақ қалдықтарын кәдеге жарату саласындағы бизнесін кешенді дамыту. Қалдықтардың осы түрін қайта өңдеу кәсіпорнын құру нәтижесінде қоқысты жинау мен шығарудан бастап оны әртүрлі қолдану салаларының жоғары сапалы өнімдеріне дейін толық өңдеу циклі құрылады.

Жобаның жалпы сомасы 900 млн. теңге. «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 765 млн. теңге бөлінсе, қалған сомасы өз қаражаты.