«Жасыл даму» АҚ Байқоңырда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге қолдау жасайды
Назад в новости

«Жасыл даму» АҚ Байқоңырда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге қолдау жасайды

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында қатты тұрмыстық қалдықтардан қайталама шикізатты алып, кеспекше мен қожбетон блогын өндірілуге жаңа жабдықты сатып алу мақсатында «GREENORDA PROJECT» ЖШС-ның инвестициялық жобасы іске асырылады. Байқоңыр ҚТҚ полигонының аумағында орналасатын бұл жоба туралы «Жасыл даму» АҚ инвестициялық жобалар қызметінің басшысы Серікбол Қалиақбаров мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған халықтың экологиялық мәдениеттін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» атты тұжырымдамасы әзірленді. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидалары: экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, цифрландыру және бейне-мониторинг, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, халықты ақпараттандыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау, экологиялық дүниетанымды тәрбиелеу, прогрессивті технологияларды қолдану сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Осы қағидаттар биліктің барлық деңгейлері мен қоғамдық ұйымдардың елдің экологиялық мақсаттарына қол жеткізудегі күш-жігерін жүйелеуге және үйлестіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрліктің инвестициялық штабының кезекті отырысында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам ауыл кентінде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жоба мақұлданды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да құжаттарды қалыптастырудың 1-кезеңінен өтті және индикативтік шарты жасалады.

Жобаның қуаттылығы жылына 65 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге және құрылыс қалдықтарын сұрыптауға мүмкіндік береді. Байқоңыр ҚТҚ полигонының аумағында орналасатын кәсіпорында 36 жұмыс орны ашылады. ҚТҚ полигонына арналған жер учаскесінің жалпы ауданы 124,8 га немесе 1 248 000 м2 құрайды. Оның ішіндегі 4 га алаңға әкімшілік-шаруашылық ауласы және әкімшілік ғимарат, күзет пен тамақтану бөлмесі сияқты басқа да құрылыстар оранласады.

Жобаның жалпы құны 560, 2 млн. теңге болса, «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы оның 504,2 млн. теңгесін бөледі. Қалған сома инвестордың өз қаражаты есебінен жүргізіледі.