НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің бұйрығымен «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып Жанат Самат тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингілеу бөлімінің бас салық инспекторы болып бастады. Әр жылдары облыстың Салық комитетінде Келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, Жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, Жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды. 2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2014-2016 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы «Байқоңыр» (Байқоңыр)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды. 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры болып жұмыс істеді.