«Жасыл даму» АҚ «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің «EcoQolday» жобасына қатысушылары алдындағы міндеттемелерін орындайтындығын хабарлайды. Қаптама қалдықтарын жинауды, өңдеуді және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету туралы негіздемелік шарт аясында міндеттемелерді орындаған кәсіпкерлерге ағымдағы жылдың шілде айынан бастап төлем жасалады. Ол үшін 2021 жылдың 4-тоқсандағы көрсетілген қызметтердің қол қойылған актілерін ұсыну қажет.
«Жасыл даму» АҚ қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша «ӨКМ Операторы» ЖШС міндеттемелерін орындауды жүзеге асырады. 2021 жылдың 4 тоқсанында көрсетілген қызметтердің қол қойылмаған актілері расталғаннан кейін төлем жүргізіледі.