«Жасыл даму» АҚ ФАО/ГЭФ жобасының Басқарушы комитетінің қорытынды отырысына қатысуда
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ ФАО/ГЭФ жобасының Басқарушы комитетінің қорытынды отырысына қатысуда

2025 жылғы 18–19 желтоқсан аралығында Түркия Республикасының Стамбул қаласында ФАО/ГЭФ өңірлік жобасының «Орталық Азия елдері мен Түркияда пестицидтердің өмірлік циклін басқару және ТТО-пестицидтерді жою» атты қорытынды, алтыншы Басқарушы комитет отырысы өтуде. 
Жоба Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Түркия елдерін қамтып, өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді, соның ішінде тұрақты органикалық ластағыштар мен ескірген пестицидтерді экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату, сондай-ақ пестицидтерді басқару жүйесін нығайтуды шешуге бағытталған.
Отырыс барысында жобаны іске асыру қорытындылары шығарылып, қол жеткізілген нәтижелер, алынған сабақтар, сондай-ақ жобалық жетістіктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі алдағы қадамдар талқылануда.
Отырысқа ұлттық жоба командасының мүшелері – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Өнеркәсіптік қалдықтар басқармасының басшысы Әсел Рахымова және «Жасыл даму» АҚ Тарихи қалдықтарды басқару департаментінің директоры Анар Сәрсенова қатысуда.