«Жасыл даму» АҚ басшылығы мен қызметкерлері Қосшы қаласындағы Сарқырама өзенінің жағалауында өткен экологиялық сенбілікке қатысты.
Іс-шара жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылды.
Қатысушылар өзен жағалауын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Мұндай акциялар мемлекеттік органдарды, қоғам өкілдері мен еріктілерді ортақ мақсатқа жұмылдырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.
Тазалық әрқайсымыздан басталады.