«Жасыл даму» АҚ RES 2026 EXPO көрмесінің таныстырылымына қатысты
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ RES 2026 EXPO көрмесінің таныстырылымына қатысты

Қазақстан астанасында 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық аясында өтетін RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің ресми таныстырылымы өтті.

RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің таныстырылымына «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов қатысып, бұл Қоғамның аталған іс-шараны даярлау мен өткізуге белсенді түрде қатысып отырғанын көрсетеді.

RES 2026 EXPO орнықты даму, экология, жасыл технологиялар және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық алаңға айналады.

RES 2026 EXPO аясында Қоғам жеке павильон ұсынуды, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тақырыптық сессияларға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта циркулярлық экономика қағидаттарын және пластик бойынша өңірлік күн тәртібін ілгерілетуге ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, Қоғам іс-шара алаңында отандық өндірушілердің экобокстары мен фандоматтарын пайдалана отырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін ұйымдастыруды жоспарлауда.

«Жасыл даму» АҚ RES 2026 EXPO өңірде серіктестікті нығайту мен орнықты жасыл экономиканы дамыту жолындағы маңызды қадам болатынына сенімді.