«Жасыл даму» АҚ командасы JANA MEN KÙZ RUN күзгі жүгіру жарысына қатысты
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ командасы JANA MEN KÙZ RUN күзгі жүгіру жарысына қатысты

«Жасыл даму» АҚ қызметкерлері 12 қыркүйекте Астанадағы Триатлон саябағында өткен JANA MEN KÙZ RUN жаппай жүгіру жарысына қатысты. Қатысушылар 3, 5 және 10 шақырымдық қашықтықтарды бағындырды.
Жүгіру жарысы салауатты өмір салтын қолдауға, уақытты белсенді өткізуге және жұмыс кеңістігінен тыс жерде командалық бірлікті сезінуге жақсы мүмкіндік болды.
Спорт денсаулықты ғана емес, командалық рухты да нығайтады. Ортақ мақсат, әріптестердің қолдауы және нәтижеге ұмтылыс әр қатысушыны да, тұтас команданы да шыңдай түседі.
Белсенділік танытып, «Жасыл даму» АҚ атынан лайықты өнер көрсеткен әріптестерімізге алғыс айтамыз! Алда жаңа белестер мен жарқын жеңістер көп болсын!