«Жасыл даму» АҚ және «Ақ тәртіп» ЖШС Алматыда қоқыс шығару бойынша ауқымды жобаны жалғастырады
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ және «Ақ тәртіп» ЖШС Алматыда қоқыс шығару бойынша ауқымды жобаны жалғастырады

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ «Ақ тәртіп» ЖШС-мен бірлесіп Алматыда қалдықтарды шығару бойынша ауқымды жобаны іске асыра бастады.

Дәлірек айтқанда, «Ақ Тәртіп» компаниясы 50 заманауи қоқыс таситын көлік сатып алды, бұл қалдықтарды шығару тиімділігін едәуір арттыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Жобаны «Жасыл даму» АҚ-ға кәдеге жарату төлемінің қаражаты есебінен жылдық 3 пайызбен 7 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген қарыз түрінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы қаржыландырылды.

Бұл бастама қалдықтарды шығарудың сапасы мен қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Жоба «Таза Қазақстан» бастамасының басымдықтарына сәйкес келеді және қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.