«Жасыл даму» АҚ әзірлеген Транспаренттілік бойынша екі жылдық есебі үздік шықты
Назад в новости

«Жасыл даму» АҚ әзірлеген Транспаренттілік бойынша екі жылдық есебі үздік шықты

Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды.

Осындай ауқымды жұмысты Жапония, Испания, Түркия, Сингапур және Нидерланды Республикасынан басқа аяқтағандардың қатарында. Мұны БҰҰ РКИК атқарушы хатшысы – Саймон Стил атап өтті.

Бұл Париж келісімінде қойылған Климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын растайды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report – BTR1) ұсынуға міндетті.

«Жасыл даму» АҚ BTR1 әзірлеуді БҰҰДБ-мен ынтымақтастықта «9-шы Ұлттық хабарлама мен бірінші және екінші BTR дайындау» ЖЭҚ халықаралық жобасы шеңберінде іске асырды.

«Жасыл даму» АҚ дайындаған парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңіргіштердің сіңірілуі туралы BTR1 негізгі бөлігінің Ұлттық баяндамасы болып табылады.

BTR1 парниктік газдарды түгендеу және ОНУВ орындалуын бақылау туралы міндетті ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, BTR 1 климаттың өзгеруінің әсері және технологияларды әзірлеу және беру және әлеуетті арттыру саласындағы бейімделу және қаржылық қолдау туралы ақпаратты қамтиды.

 БҰҰ РКИК Хатшылығының сайтында https://unfccc.int/first-biennial-transparency-reports толығырақ танысуға болады.