Нұр-Сұлтанда қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинаудан «Тазалық ойыны» атты квест жарысы өтті. Командалардың тазалық сайысы Есіл өзенінің жағалауында ұйымдастырылды. Экологиялық шара ӨКМ Операторы, BI Group компаниясы және «Clean city NC» ЖШС бастамасымен өтті.
«Тазалық ойыны» – бұл командалық ойын. Қатысушы командалар қалдықтарды сұрыптау және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосады. Қоқыс жинауға 90-ға жуық адам ат салысты. Қатысушылар командаларға бөлініп, эко-тапсырмаларды орындауға кірісті. Жарыс шарты бойынша әрбір жиналған қалдық түрі үшін командаларға 0,4-тен 2 баллға дейін берілді. Жеңіске жету мүмкіндігі тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинап, тапсырмасына орындағандарға көбірек берілді.
Эко-жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Marwin» дүкендер желісінен тауар сатып алуға номиналы 10 000 теңге болатын сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, ең жас эко-белсенділер сертификаттарға ие болды. «Тазалық ойыны» барысында қатысушылар барлығы 300 келіден астам макулатура, пластик, шыны және басқа да қалдық түрлерін жинады. Осы жиналған қалдықтар одан әрі қайта өңдеуге жіберілетін болады.
Айта кетейік, 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Петропавл, Теміртау және Семей қалаларында «Менің эко-өмір мектебім» байқауының қорытындысы шығарылады. Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында үздік білім беру мекемелеріне сертификаттар мен естелік сыйлықтары табысталады. Сондай-ақ, «ЭкоАсар – игі істер марафоны» акциясы бастау алатын болады. Игі шара 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр.
Айта кету керек жазғы күнгі «ЭкоАсар» кезінде 7 500 келі қайталама шикізат жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Одан түскен 363 263 теңгеге қарусыз қалған жануарларға азық сатып алуға бағытталды.
Жыл бойы оқушылар 99 253 келі макулатура, пластик, шыны және алюминий қаптамамасын өңдеуге тапсырды.
Жалпы қайталама шикізатты тапсырудан түскен сома 2 млн 870 мың теңгені құрады. Ол қаражат мектеп аумақтарын абаттандыру мен қайырымдылық бағытына жұмсалды.