Туған күні: 05.08.1981 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетін бітіріп, заңгер мамандығы берілді.
2016 жылы Brunel University London (Ұлыбритания) «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны тамамдады («Болашақ» бағдарламасы бойынша).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2018 жылдың қазаны мен 2019 жылдың қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің басқарма басшысы болды.
2019 жылғы қыркүйектен бастап 2022 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің бас консультанты қызметін атқарды.
2022 жылдың 16 наурызынан 2022 жылдың 30 маусымына дейін «Жасыл даму» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі қызметін атқарды.
2022 жылғы 1 шілдеден бастап «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі қызметін атқарады.
Жетекшілік ететін мәселелері:
Мәселелер бойынша жұмысты жалпы ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады:
- Қоғамның қызметін құқықтық сүйемелдеу;
- Қоғам қызметінің талап-арыз жұмыстарын;
- Стратегиялық жоспарлау және жиынтық-талдамалық жұмыстар.
Үлестес ұйымдарға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ.