Артқа қайту

Даутов Дархан Алтаевич

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі

Туған күні: 19.04.1980 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі:
2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Халықаралық валюта-қаржы қатынастары» мамандығын бітіріп, экономист-халықаралық мамандығы берілді.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының MBA бағдарламасы бойынша магистратураны тамамдады, мамандығы – менеджмент.
2007 жылы Корея даму институтын (KDI School of Public Policy and Management, Сеул, Корея Республикасы) Master of Public Policy (MPP) бағдарламасы бойынша тамамдады, мамандығы – мемлекеттік қаржы және сауданы дамыту.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2018 жылдың мамыры мен 2019 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың мамыры мен 2019 жылдың қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың қарашасынан 2022 жылдың мамырына дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
2022 жылдың тамызынан 2022 жылдың қазанына дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың қазан айынан 2025 жылдың 14 шілдесіне дейін — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
2025 жылдың 14 шілдесінен бастап — «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі.

Жетекшілік ететін мәселелері:
Мәселелер бойынша жұмысты жалпы ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады:
- Утилизациялық төлемдерді қабылдауды реттеу мәселелері;
- Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;
- Қоғамның адами ресурстарын басқаруды.

Үлестес ұйымдарға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ.