Туған күні: 16.06.1992 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
2013 жылы БАӘ, Дубай қаласындағы University of Wollongong «Қаржы» мамандығы бойынша «сауда бакалавры» дәрежесімен бітірген.
2018 жылы Астана қаласындағы «М. С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU» АҚ "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тамамдаған.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2018 жылғы 7 ақпаннан 2019 жылғы 1 қарашаға дейін «Қазпошта» АҚ Стратегия және экономикалық талдау департаментінің бас менеджері-бағыт басшысы қызметін атқарған.
2019 жылғы 4 қарашадан 2020 жылғы 5 қарашаға дейін "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы"АҚ фронт-офисінің бірінші вице-президенті қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2020 жылғы 5 қарашадан 2022 жылғы 11 мамырға дейін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы»» КЕАҚ қаржы-экономикалық департаментінің директоры қызметін атқарған.
2022 жылғы 11 мамырдан 2023 жылғы 17 қарашаға дейін «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі қызметін атқарған.
2023 жылғы 27 қарашадан бастап «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі қызметін атқарады.
Жетекшілік ететін мәселелері: мәселелер бойынша Қоғамның қызметін жалпы ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады:
1) экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық, салықтық есептілік жасау және өтімділікті басқару;
2) оператордың өз функцияларын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыру;
3) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеуші саладағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін қаржыландыру;
4) қоғамның даму жоспарын, Қоғамның жылдық бюджетін және өзге де ішкі актілерді әзірлеу, келісу және орындау;
5) ақпараттық технологиялардың, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің, Қоғамның ақпараттық ресурстарының, Есептеу техникасы мен қоғамның АТ-инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру.
Үлестес ұйымдарға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ.