Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке — еліміздегі барлық этностардың өзара түсіністігі мен татулығының, бірліктің және бейбітшіліктің жарқын символы. Егемен Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен табыстары – халқымыздың ауызбіршілігі мен достығының нәтижесі.
Бірлік пен келісім – мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік іргетасы. Біз бірлесе отырып, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында алда талай жетістіктерге жете береміз деп сенеміз.
Осы жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, амандық, татулық, бақ-береке және Отан игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!