2022 жылды 18 қаңтарына дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС қабылданған жекелеген міндеттемелерді орындауға қатысты
Назад в пресс-Центр

2022 жылды 18 қаңтарына дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС қабылданған жекелеген міндеттемелерді орындауға қатысты

Жасыл даму» АҚ-ы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №20 қаулысын іске асыру шеңберінде «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның кәдеге жаратуға тапсырылған ескі көліктер мен агротехникаларға ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдік сертификаттарын өтеу туралы құқықтық міндеттемелерін орындау жұмысы аяқтауға жақын екенін хабарлайды.

Бүгінгі күні көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілермен (бұдан әрі-өндірушілер) бұрын «ӨКМ Операторы» ЖШС-і берген жеңілдік сертификаттарының иелері пайдалануға мүмкіндік беретін қосымша келісімге қол қою жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылдың қыркүйек айының соңында өндірушілерге бұрын «ӨКМ Операторы» ЖШС берген жеңілдік сертификаттарын көрсеткен кезде жеңілдіктер беру бойынша шығыстарды, сондай-ақ ақшалай өтемақыларды төлеуді жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұл ретте, ҚР заңнамасында жеңілдік сертификатының жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 1 жылға қарастырылған.  «ӨКМ Операторы» ЖШС функцияларын «Жасыл даму» АҚ-на берілуіне байланысты ҚР ЭГТРМ және ҚР ИИДМ бірлесіп 2021 жылғы 19 қаңтардан 2022 жылғы 18 қаңтарға дейін берілген сертификаттардың қолданылу мерзімін ұзарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.


«Жасыл даму» АҚ баспасөз қызметі