25 мамырдан бастап кәдеге жарату алымын артық төлегендердің қаржаты қайтарылады
Назад в пресс-Центр

25 мамырдан бастап кәдеге жарату алымын артық төлегендердің қаржаты қайтарылады

«Жасыл даму» АҚ recycle.kz. ресми сайтта техникалық жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды. Айта кету керек «кәдеге жарату төлемі» бөлімінде уақытша техникалық жұмыстар жүргізілгендіктен утилизациялық төлем жасаушылар «жеке кабинетіне» кіріп, өтінім қалдыруы уақытша мүмкін болмады.

Енді жеке кабинетке кіру 25 мамырдан бастап штатты режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2022 жылдың 14 мамырдан кейін (қоса алғанда) утилизациялық алымды ескі мөлшерлемелер бойынша төлеген жеке және заңды тұлғалар артық төленген сомасын қайтарып ала алады. Ол үшін «E-otinish» электрондық платформасында электронды цифрлық қолтаңба арқылы өтініш берулері қажет. Өтініште төлем тапсырмасын қоса бере отырып, қайтаруды жүзеге асыру үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсетуі керек.