5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Назад в пресс-Центр

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Құрметті әріптестер!

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен және барша экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Туған жеріміздің өзен-көлін, ну орманы мен жасыл желегін сақтап, оның ен байлығын келешек ұрпаққа аман-сау жеткізу жолында тынбай еңбек етіп жүрген экологтардың қызметін айрықша атап өтуге болады. Қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға деген талпыныстарыңыз бен жанашырлықтарыңыз үшін Сіздерге алғыс білдіреміз. Туған жерді аялу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Ал бүгінгі мереке күні Сіздерге кәсіби жетістіктер, жаңа шыңдарды бағындыруда сәттілік және күш-қайрат тілейміз!