Бөлінетін қаражаттың жалпы көлемі 3 жылға 185 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы сыйақы мөлшерлемесі 3% және қарыз беру мерзімі 3 жылдан 15 жылға дейін көзделген. Бұл ретте, жеңілдетілген қаржыландыруды алу үшін өтініш берушілерге 20% мөлшерінде бастапқы жарна, оның ішінде 10% ақшалай қаражатпен болуы қажет. Өңірлердегі коммуналдық қалдықтармен ағымдағы жағдайды талдауға және бар проблемаларды жүйелі шешу тұрғысынан, жобалардың тиімділігіне ерекше назар аударылады. Қазіргі танда еліміздің барлық өңірлерінен 232,5 млрд. теңге сомасына 94 жоба іріктелді, оның ішінде:
- 11,4 млрд. теңге сомасына 223 бірлік арнайы техника мен 2050 контейнер сатып алу бойынша 28 жоба;
- Қуаттылығы жылына 3 млн. тоннадан асатын, 49,2 млрд. теңгеден астам сомаға 19- жаңа сұрыптау зауытын салу және 2 сұрыптау желісін жаңғырту жөніндегі 21 жоба;
-Қуаттылығы жылына 1,2 млн. тоннадан астам, 171,9 млрд. теңге сомаға қайта өңдеу бойынша 37 зауыт салу және 8 зауытты жаңғырту бойынша 45 жоба.