Астана қаласында «Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы» ЗТБ мен «Қазақстандық жасылдар партиясы «Байтақ» ҚБ бірлесіп, «Қазақстанда қайталама шикізатты жинау мен қайта өңдеуді ұлғайтудағы кедергілер» тақырыбында конференция ұйымдастырды.
Конференцияға «Жасыл даму» АҚ атынына Басқарма төрағасының орынбасар Нұржан Қабдолданов қатысып, қазіргі Оператордың атқарып отырған қызметі, даму бағыты мен қалдықтарды жинаушылар мен қайта өңдеушілерді қолдау және қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістерді қаржыландыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту бағытындағы ақпаратпен бөлісті.
Сондай-ақ, конференция барысында қатысушылар экология саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, қолданыстағы заңнама шеңберінде қалдықтарды басқару және қайталама шикізатты қайта өңдеу саласындағы ахуалды көтерді. Қазақстанның инвестициялық картасын әзірлеу, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу, сондай-ақ саланы одан әрі дамытудағы өзгеде мәселелерді бірлесе шешу көзделді.
Кездесу қорытындысы бойынша заңнамалық бастамаларды ілгерілету жөніндегі жұмысты жандандыру және күшейту бойынша партия тарапынан қолдауға ие болды.