Экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында "Жасыл даму" АҚ қызметкерлері Астана қаласында Riviera International School және Шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицейінің оқушылары үшін қалдықтармен сұрыптап бөлек жинау тақырыбында танымдық сабақтар өткізілді. Оқушыларға елдегі қалдық проблемасының өзектілігі және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде бөлек жинаудың ерекшеліктері туралы айтылды. Алынған ақпаратты оқушылар үлкен ынтамен және қызығушылықпен қабылдады.