«Аманат» партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысы өтті.
Назад в пресс-Центр

«Аманат» партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысы өтті.

Тұрмыстық қалдықтардың мәселесімен айналысу тетіктері «АМАНАТ» партиясы жанындағы Экологиялық кеңесте талқыланды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғи ресурстар комитетінің хатшысы Б.А. Смағұловтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен өңірлердегі қоғамдық кеңестер төрағалары қатысты.

Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын бекіту, инфрақұрылымды дамыту және өңірлердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

«Жасыл Даму» Акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов қалдықтарды жинау, тасымалдау, өңдеу және кәдеге жарату саласын қаржыландыру тетіктері туралы баяндады.