Қазақстан фермерлер қауымдастығының ауылшарушылық техникасын қаржыландырға қатысты таратқан мәліметтеріне сәйкес «Жасыл Даму» АҚ төмендегі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 Қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдік лизингі бағдарламасын іске асыру үшін Қоғам 2022 жылғы 1 тамызда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на 30 млрд теңге аударды.
Қаулыға сәйкес Қоғам келесі мақсаттарға револьверлік негізде 160 млрд. теңге беруі көзделген:
1) Отандық өндірістің жаңа ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген қаржы лизингі үшін 30 млрд. теңге.
2) Отандық өндірістегі автобустардың жеңілдетілген қаржы лизингі үшін 30 млрд. теңге.
3) Халықтың отандық автомашиналарды жеңілдікті шарттармен сатып алуы үшін 100 млрд.теңге.
Халықты және шағын және орта бизнесті қаржыландыру екінші деңгейлі банк пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Олар түпкілікті қарыз алушыларды револьверлік қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс. Яғни, аталған қаржыландыру тәсілінде қолданыстағы кредиттерді өтеушілердің төлемі негізінде жаңа қарыз алушыларды қаржыландыруға қайта жұмсалады. Бұл тәсіл несие берілген адамдар мен шағын бизнес субъектілерінің санын көбейтуге мүмкіндік береді.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС-9) бойынша «шартты шығындарға» келетін болсақ, «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңының 5-тармағының 2) тармақшасына және 2-бабының 3-1-тармағына сәйкес, орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтынын хабарлаймыз. Бұл талап «Жасыл даму» АҚ есеп саясатымен бекітілген.