Елордада «Astana Finance Days 2023» (AFD) конференциясы өтті. Еуразиялық аймақтық жыл сайынғы қаржы конференция, 2018 жылдан бастап мемлекеттік орган өкілдері, қаржы саласының сарапшылары, инвесторлар мен бизнес менеджерлерінің басын қосатын платформа ретінде қызмет етіп келеді. Форум аясында қаржы саласының қазіргі заманғы проблемалары, даму үрдістері мен мүмкіндіктері талқыланады.
«Astana Finance Days 2023» негізгі тақырыптық бағыттарының бірі – «Жасыл технология» болғандықтан төмен көміртекті даму мен «жасыл экономиканың» өсуі үшін тұрақты қаржыландырудың жаңа құралдарын, сондай-ақ ESG, көміртекті қаржыландыру тетіктерін дамыта отырып, әлеуметтік ілгерілеуге толық көшуді қамтамасыз етудің қажетті шараларын қарастырады.
«Көміртек нарығының эволюциясы» панельдік сессиясында сөз алған «Жасыл даму" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов, аталған сала бойынша квота бөлу жүйесін жетілдіру жөнінде қажетті ақпаратпен бөлісті.