Астанада 3-5 шілде аралығында өткен GREEN Energy & Waste Recycling VII Еуразиялық бизнес-форумы өтті. «Жасыл даму» АҚ форум аясында дөңгелек үстелге қатысып, атқарылып жатқан шаралар бойынша хабардар етті. Қатысушылар қайталама шикізаттың өркениетті нарығын қалыптастырудың, қалдықтарды басқару саласындағы шағын және орта бизнесті дамытудың, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жөніндегі инновациялық технологиялық шешімдердің және т. б. өзекті мәселелерін талқылады.
«Жасыл Даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолдановтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Оператордың қаржылай төлем мөлшерлемені бекіту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне құзырет беру туралы, ал Министрлік төлем тәртібін айқындау бойынша жұмыс айқындалды.
Осы түзетулер қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенаты мақұлдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жолданды. Сонымен қатар, осы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары әзірленуде.
Сонымен қатар, EcoQolday.kz автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы және басқа да мәселелерді шешу бойынша келісілген ұсыныстарды әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен өңірлік әкімдіктер, мүдделі қауымдастықтар және «Жасыл даму» АҚ өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды.