Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгіс» экологиялық акциясы аясында қала көлемінде жалпықалалық сенбілік өтті
Баспасөз орталығына оралу

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгіс» экологиялық акциясы аясында қала көлемінде жалпықалалық сенбілік өтті

2025 жылдың 26 сәуірінде Астана қаласында «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілік өтті.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Жасыл даму» АҚ қызметкерлері, Астана қаласы әкімдігі және қала тұрғындары қатысты.

Сенбіліктің негізгі мақсаты – қала көшелеріндегі тазалық пен тәртіп мәселелеріне қоғам назарын аудару, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Жасыл даму» АҚ қызметкерлері Әл-Фараби даңғылынан Ұлы Дала даңғылына дейінгі аумақты тазалады.

Сенбілік барысында қала орталықтары мен тұрғын аймақтары, парктер, скверлер, аулалар, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтандыру және басқа да ұйымдардың маңындағы аумақтар тазартылды.

Экологиялық мәдениет пен әрбір азаматтың қоршаған ортаны сақтау мен тазалыққа жауапкершілігі «Жасыл даму» АҚ үшін маңызды басымдық болып табылады. Компания өкілдері мұндай іс-шараларға қатысу жастар мен ересектер арасында табиғатқа деген құрмет пен саналы көзқарасты қалыптастыруға көмектесетініне сенімді.